423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда колледждеріне түсуге қатысты сұрақтарға онлайн түрде жауап алуға болады

  • 206
  • UPD: 16:27, 22.07.2020
Елорда колледждеріне түсуге қатысты сұрақтарға онлайн түрде жауап алуға болады

Елордада талапкерлерге арналған виртуалды қабылдау қызметі 24/7 тәртібінде жұмыс істейді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қандай мамандықтарға гранттар бөлінді, колледжге түсу үшін қандай құжаттар қажет және жеңілдіктерді қалай алуға болады? Осы және басқа да сұрақтарға талапкерлер үйден шықпай-ақ жауап ала алады. Елордалық колледждердің сайттарында виртуалды қабылдау қызметі жұмыс істейді. Ассистенттер келіп түскен сұрақтарға 3-5 минут ішінде жауап береді.

«Біз бес күн бұрын виртуалды қабылдауды іске қостық, қазірдің өзінде 200-ден астам өтініш келіп түсті. Көбі гранттар мен жеңілдіктер бар мамандықтарға құжаттарды қалай тапсыру керектігін сұрап жатыр. Ауылдық жерден көптеген өтініштер бар. Виртуалды ассистент 24/7 режимінде жұмыс істейді, бірде-бір сұрақ жауапсыз қалмайды», – деді Политехникалық колледждің директоры Қасымхан Сенғазыев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта барлық кеңесті колледжге барып алуға болады. Алайда пандемия кезінде қауіпсіздік мақсатында қарым-қатынасты шектеген дұрыс.

Виртуалды қабылдау комиссиялары 20 тамызға дейін 33 елордалық колледждің сайтында жұмыс істейтін болады.

Хабар 24 телеарнасы