426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО тұрғыны жоқ көлікті сатқан

  • 404
  • UPD: 17:08, 22.07.2020
БҚО тұрғыны жоқ көлікті сатқан

Көлік сатып алмақ болған Батыс Қазақстан тұрғыны алаяққа алданып қалған.

21 шілде күні Батыс Қазақстан облысының 50 жастағы тұрғыны Осакаров ауданының полиция бөліміне жүгінді, деп хабарлады Polisia.kz.

Ол алаяқтың құрбаны болғанын мәлімдеді. Жәбірленуші Осакаров ауданы тұрғынынан «Газель» көлігін сатып алуға келіскені белгілі болды. Төлем ретінде ол сатушының шотына 1 миллион 200 мың теңге аударған, бірақ көлікті көрмеген.

Алданғанын түсінген ер адам полицияға жүгінді. Полиция қызметкерлері 58 жастағы күдіктіні анықтап, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы