420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы бірнеше шипажай коронавирус жұқтырғандарды емдеуге берілді

  • 217
  • UPD: 17:33, 22.07.2020
Алматыдағы бірнеше шипажай коронавирус жұқтырғандарды емдеуге берілді

Алматыда қосымша коронавирус госпитальдері ашылып жатыр.

Жаңа орталықтардың дайындығы туралы қалалық Қоғамдық деснаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Пандемия басталғаннан бері инфекциялық стационарлардың саны 13 есе, 2-ден 26-ға дейін артты. Сәйкесінше, төсек-орын саны 500 6000-ға дейін артты. Осы аптада 250 төсек-орынға арналған «Қазақстан» шипажайы, 376 төсек-орынға арналған «Көктем» шипажайы, 140 төсек-орынға арналған «Самал» пансионаты, 100 төсек-орынға арналған Соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпиталь коронавирус науқастарын қабылдауға бейімделді. Бірақ біз осымен тоқтап қалмаймыз, алдағы уақытта төсек-орындар қуаттылығы резервін қалыптастыру жоспарда тұр. Одан бөлек, алдағы уақытта Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы базасында 500 төсек-орынға арналған толыққанды клиника ашылады» , - деді.

Аталған орталық коронавирус науқастарын емдейтін клиника ретінде жұмыс істейді, ал ковидтік кезеңнен кейін толыққанды көпбейінді стационар ретінде жұмысын атқаратын болады. Қазір ол жерде құрылыс жұмыстары аяқталуда, сонымен қатар медициналық техникамен және қажетті кадрлармен жасақтау жөніндегі мәселе пысықталуда. Бұл нысанды қыркүйек айында ашу міндеті қойылған.

«Айта кету керек, жаңа стационарларды ашуға жұмсалған инвестиция постковидтік кезеңде де пайдасын келтіреді деп ойлаймыз. Жоспарда төсек орынды 7700 дейін арттыру көзделген», - деді Надыров.

Хабар 24 телеарнасы