431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада жедел жәрдем шақырту азайды. Бірақ тоқмейілсудің қажеті жоқ – Мамандар

  • 342
  • UPD: 19:54, 23.07.2020

Қызылордада жедел жәрдем қызметін шақырту саны 2 есеге азайды. Эпидемиологиялық ахуал күрделі болған маусымның аяғы мен шілденің басында тұрғындардан тәулігіне 2 жарым мыңнан астам шақырту түскен еді.

Бір бригада 38 шақыртуға дейін барған болса, қазір шамамен 16-ға төмендеді. Медициналық көмек түріне жүктеме еселеп артқан соң барлық емхана жанынан 161 мобильді топтың құрылуы оң нәтижесін берді. Қазір тыныс алу жолдарының аурулары 74, жедел респираторлық вирусты инфекция 82 және пневмония 60 процентке азайып отыр. Дене қызуы көтеріліп хабарласқан тұрғындар 3 есеге кеміген. Бірақ сала мамандары тоқмейілсуге әлі ерте екендігін айтады.

Сәбит Пазылов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Осы жедел жәрдеммен ауруханаға тасымалданған науқастардың 85% жатқызылса, қазіргі күні ол бірнеше есеге азайып, тасымалданған науқастардың 45% ауруханаға жатқызылып отыр. Бұл аймақтағы ауыр науқастардың саны азайғаны туралы айтады. Бірақ бұл мәселенің шешілгендігі емес. Сондықтан халыққа айтарым әлде де оқшаулануды сақтаңыздар.

Хабар 24 телеарнасы