421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда пневмониямен ауырғандар саны азайды

  • 286
  • UPD: 19:56, 23.07.2020

Соңғы айда Алматыда пневмониямен ауырғандардың саны екі есеге азайды. Сонымен қатар коронавирус инфекциясына арналған стационарларға түскен науқастар да сиреген.

Бұл туралы онлайн-брифингте Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан Надыров айтты. Дегенмен, жағдайдың тұрақталғанына қарамастан мегополисте қосымша орындар дайындау жалғасуда. Осы аптада бірнеше демалыс үйлері қайта жабдықталған болатын. Сонымен қатар жақын уақытта 500 орынға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылады. Нысан коронавируспен емдеудің бірінші деңгейі бойынша жұмыс істейді. Жалпы, қалада науқастарға арналған орынды 7 мың 700-ге жеткізу жоспарланған.

Камалжан Надыров, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:

- Бұған дейін науқастардың жағдайына қарай стационарларды бөлу тәртібін жариялаған болатынмын. Ең басты міндет өлім санын азайту. Бұл үшін реанимотология және анестезиология орталығы жұмыс істейді. Орталықтың тиімділігін байқадық. Өте ауыр және ауыр жағдайдағы науқастардың саны азайды. Атап айтқанда, 100-ден аса адамның жағдайын тұрақтандырып, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстыруға қол жеткіздік.

Хабар 24 телеарнасы