432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көлсай көлдеріне келген туристерге мыңнан астам медициналық бетперде таратылды

  • 305
  • UPD: 08:59, 23.07.2020
Көлсай көлдеріне келген туристерге мыңнан астам медициналық бетперде таратылды

Негізгі мақсат – демалыс аймағында қауіпті коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу, деп хабарлайды «Хабар 24».

Игі бастаманы қолға алған «Жас отан» жастар қанатының өкілдері кеше күні бойы мұнда келушілерге қорғаныш құралдарын берді. Ал бүгіннен бастап Көлсай көлдері екінші тамызға дейін жабылды. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысы шыққан. 

Еркебұлан Ақболатов, облыстық «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы:

– Мың адам бетпердемен қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта дәл осындай іс-шара Есіккөл және Түрген демалыс аймақтарында өткізілетін болады. Бұл жоспарға қойылған. Сондай-ақ облысымыздың басқа да демалыс аймақтарында рейдттік және дәл осындай үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы