432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында жол бойында жыл басынан бері мыңнан астам заңбұзушылық тіркелген

  • 378
  • UPD: 10:23, 23.07.2020
Павлодар облысында жол бойында жыл басынан бері мыңнан астам заңбұзушылық тіркелген

Басым бөлігі тасымалданатын жүктердің шекті нормаларын асыруға қатысты.

Сала мамандарының айтуынша, әсіресе, жаз мезгілінде қиыршықтас, құм, көмір тасымалдайтын жүргізушілер арасында ереже бұзу анықталып жатады. Бұл өз кезегінде жолдың асфальт қабатын бүлдіреді. Осы уақытқа дейін 127 дерек тіркеліп, тиісті шаралар қолға алынды. Бұған жол бермеу үшін облыста «Жолдағы қабылдау» атты кешенді шара қолға алынды. Бүгінге дейін заң бұзған көлік иелеріне 92 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Мобильді топтар жарты жыл ішінде бес мыңнан астам жүк машинасын тексеріп, жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Асхат Ешімов, облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы:

– Шараны өткізудегі мақсат – жүргізушілерге көлік саласындағы заңнамалардың нормаларын түсіндіру. Сонымен қатар әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің нормалары туралы да түсіндіру және жолдағы құқықбұзушылықтарды алдын алу. Бүгінгі таңда халықаралық маңызы бар жолдарда жүк тасымалында бұзушылықтар баршылық. Жүргізушілердің ішінде жүк салмағының шекті параметрлерін бұзғандары анықталды. Олар жауапкершілікке тартылды.

Александр Смакотин, көлік жүргізушісі:

– Өзім Тереңкөл ауданына жүк тасымалдаймын. Көлігімнің жалпы салмағы – 37 тонна. 38 тоннаға рұқсат бар екенін білемін. Ережелерді бұзбауға тырысамын, әрине. Оған қоса жолға да зиян келеді. Біз үшін тасжолдың сапасы жақсы болғаны маңызды.

Хабар 24 телеарнасы