425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жайық өзеніне 3,5 млн-нан астам шабақ жіберілді

  • 254
  • UPD: 10:22, 23.07.2020

Балығы тайдай тулаған Жайық-Каспий айдынында бекіре тұқымдас балықтар бір кездері айтарлықтай азайып кеткен еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Десе де, сол олқылықтардың орынын өңірдегі балық өндіретін зауыттар қалыпқа келтіріп жатыр. Мысалы, Атырау бекіре өсіру зауыты бүгін 3,5 млн-нан астам бағалы балықтың шабақтарын Жайық өзеніне жіберді.

Атырау бекіре өсіру зауыты жыл сайын 3 жарым миллионнан астам шабақты су айдынына жібереді. Бұл үрдіс биыл да жалғасын тапты. Көктемде ұсталған 100ден астам бекіре тұқымдас балықтан алынған шабақтар, бүгін табиғи ортасына сапар шекті. Қауіпті індет кезінде қаймықпай жұмыс істеген балықшылардың еңбегі орасан.

Рашидин Қалидуллин, бекіре өсіру зауытының директоры:

– Пандемияға байланысты үлкен қиыншылықтар туды. Бірақ соған қарамастан біздің балықшылардың жасап отырған еңбегі. Осы екі айдан асып кеткен уақыт. Сол мезгілде өсіп-өнген шабақтар. Шамамен 3 млн 600 мыңның үстінде шабақ шығады деп есептеп отырмыз.

Мамандардың пайымдауынша, осы өсірілген щабақтардың тек 1 проценті ғана өсіп кете алады. Яғни жіберілген 3,5 млн шабақтың шамамен 35 мыңы уылдырық алу үшін қайта ауланады. Демек Жайық-Каспий айдынындағы балық қоры азаяды деген қорқыныш жоқ.

Асланбек Шығыр, тілші:

– Бекіре тұқымдас балықтардың шабағын өсіретін дәл осы жерде 10 тоған бар. Әр тоғанда шамамен 500 мыңға жуық су маржаны жетіледі. Су айдынына жіберілетін абақтардың орташа салмағы 3,5 граммнан жоғары болуы керек. Ал мұндағы шабақтар әбден өсіп-жетілген. Ең кішісінің өзі 5 граммды құрайды. Ал үлкені – 18 грамм.

Шабақтарды Жайық өзеніне жібермес бұрын алдымен арнайы комиссия мүшелерімен бірге санақ жұмыстары жүргізіледі. Жалпы саны мен салмағы есептелгеннен кейін ғана су маржандары табиғи ортасына сапар шегеді.

Мәншүк Темешова, ихтиологиялық мониторинг және балық аулауды реттеу бөлімінің басшысы:

– Комиссия мүшелерімен мемлекеттік тапсырысты орындау барысы қадағаланды. Бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарының салмағы қалыпты жағдайда. Бекіре тұқымдас балықтарының шабақтарының қоршаған ортаға емін-еркін өсіп өнуіне жағдай қолайлы.

Өзен суының гидрологиялық ахуалы мен браконьерлік бағалы балықтың жоғалуына үлкен әсерін тигізеді. Алайда бекіре тұқымын сақтап қалуда Атыраудағы екі зауыттың маңызы ерекше. Жиырма жылға жуық уақыт жұмыс істеп келе жатқан бекіре өсіру зауыттарында бүгінге дейін 100 млннан астам шабақ суға жіберілген.

Авторлары: Асланбек Шығыр, Амантай Мәтенов, Жандос Раметуллин

Хабар 24 телеарнасы