424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус бойынша қоғамдық бақылау тобының Telegram-боты іске қосылды

  • 525
  • UPD: 12:38, 23.07.2020
Коронавирус бойынша қоғамдық бақылау тобының Telegram-боты іске қосылды

Қазақстанда CovidControlKzBot Telegram-боты іске қосылды.

Оның көмегімен пайдаланушылар COVID-19 бойынша Қоғамдық бақылау тобына хабарламалар жібере алады, деп мәлімдеді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл сервистің көмегімен қоғам белсенділері санитарлық нормалар мен карантиндік шаралардың бұзылуы туралы хабарламалар, медициналық мекемелердің жұмысына шағымдар және медицина қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар алатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қоғамдық бақылау тобы – бұл азаматтық бастама. Оның мақсаты – дәрігерлердің жұмыс жағдайына мониторинг жасау және медициналық мекемелерде пациенттерді емдеу, гуманитарлық көмекті бөлуге мониторинг жасау, пандемия жағдайында әлеуметтік және медициналық көмек алуда азаматтардың құқықтарының сақталуын бақылау болып табылады.

Қоғамдық бақылау Қазақстанның барлық облысында іске қосылып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауына ие болды.

Хабар 24 телеарнасы