431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдан Алматыға 543 дана оттегі концентраты жеткізілді

  • 339
  • UPD: 14:58, 23.07.2020

Кеше кешке Қытайдан Алматыға 543 дана оттегі концентраты жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған құрылғылар халық пен жанашыр азаматтардың қаражатына сатып алынды. Кәсіпкерлер, өнер адамдары менкөпшіліктің атсалысуымен 450 миллион теңге жиналған еді. Бұл қаражатқа 4 мың концентрат сатып алынады. Айдың соңына дейін барлық құрылғы елге жеткізіліп, аймақтардағы ауруханаларға таратылады. Қайырымдылық шараны «Шұғыла» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Қайрат Жолдыбайұлы, Президент жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі:

– Мемлекеттің тікелей қолдауымен тегін Алматыға жеткізіліп отыр. Алла қаласа, ертең басқа облыстарға таратылатын болады. Екінші рейсіміз 26 шілдеде келеді деп күтілуде. Ол тікелей Атырауға барып қонады. Атыраудағы батыс аймақтарға толықтай таратылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы