423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде карантин ережелерін бұзған демалыс орындары жабылуы мүмкін

  • 220
  • UPD: 16:25, 23.07.2020

Соңғы уақытта бей-берекетсіздік орнаған Көбейтұз көлінің маңына блок-бекеттер қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігі хабарлады. Көпшілік орындарда адамдар бетперде киіп, әлеуметтік арақашықтық сақтауды доғарған. Карантинге қарамастан жұмысын тоқтатпаған нысандар да бар. Ондағылар тіпті келушілерге бетперде немесе антисептик ұсынбайды. Заң талаптарын орындамағаны үшін 457 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Оларға жалпы көлемі 65 миллион теңге айыппұл салынды.

Алексей Калайчиди, ҚР ішкі істер министрінің орынбасары:

– Заңға бағынбағандарға қатаң жаза берілді. Олар карантин ережелерін бұзғанына қарамастан, полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. Мерекелік жиын ұйымдастырушылар да көп. 30 адамнан артық жиналған жерлерді тексердік. Қазір осындай 48 дерек анықталды. Заң бұзған нысандар тізіміне Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы спа салондар да кіреді.

Заңсыз дәрі сатушылар да азаяр емес. Мәселен, елордалық азамат әлеуметтік желі арқылы медициналық препарат жарнамалап, онысын қымбат бағада саудалап келген. Ақтөбе қаласының тұрғыны да азық-түлік дүкені арқылы заңсыз әрекетін жүзеге асырған. Екі аптадан бері ішкі істер органдары 537 дерек анықтап, 58-не қатысты қылмыстық іс қозғады.

Хабар 24 телеарнасы