423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте коронавирус туралы нақты ақпарат тарататын арнайы сайт ашылды

  • 224
  • UPD: 16:27, 23.07.2020

Қала тұрғындары COVID-19 індеті бойынша жедел статистикамен таныса алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Темірхан Варзилов мәлімдеді. Бірыңғай ақпараттық порталда COVID-19 індетінен бөлек, пневмония және ЖРВИ-мен ауыратын науқастар саны, тәулік ішінде ауруханаға түскен және емделіп шыққан науқастар туралы ақпарат жарияланады. Сонымен қатар қанша төсек-орын бос екендігін білуге болады. Денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарға егер ауыра қалса өздігінен ем қолданбай, әуелі дәрігерден онлайн кеңес алу керектігі туралы кеңес береді.

Темірхан Варзилов, қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а:

- Тұрғындар COVID-19 бірыңғай ақпараттық порталына кіріп, ауруханаларда және провизорлық орталықтардағы реанимациялық төсек-орындардың науқаспен қамтылу деңгейін көре алады. Интернет ресурста ақпараттар күн сайын жаңартылып отыратын болады. Сонымен қатар онда дәрігерлердің қатысуымен бейнебрифингтер өтіп, аурудың алдын алу, оның белгілері және сақтану ережелері туралы мағлұмат береді.

Хабар 24 телеарнасы