423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында мектеп мейірбикелері көмекке келді

  • 194
  • UPD: 15:41, 23.07.2020
Жамбыл облысында мектеп мейірбикелері көмекке келді

Жамбыл облысында 116 медициналық көмек көрсету бекеті ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мектептер мен техникалық колледждердің 136 мейірбикесін жұмысқа алынған. Олар орта білім беру ұйымдарында ашылған шағын орталықтарда тұрғындарға кеңес беріліп, ем-дом жасайды. Бір апта көлемінде 900-дей тұрғынға медициналық қызмет көрсетілді. Мейірбикелер жаңа оқу жылы басталғанша жұмыс істейді.

Еркебұлан Жантілесов, қала тұрғыны:

– Қала ортасындағы 5-емханаға барып, нұсқаулық алып, мектепке келіп, осы жерден ем-дом қабылдап, қан қысымын өлшетіп, сондай жұмыстар атқарылып жатыр. Тұрғындар үшін пайдасын тигізіп жатыр.

Айбибі Дүйсенбаева, мейірбике:

– Ентігу себебімен және тыныс алу жиіліктерінің төмендеуімен және бас ауруы, өкпе тұстарының қабынуы себептерімен науқастар келіп жатыр. Емханадан дәрігерден келген емдерін жалғастырып жатырмыз. Дексаметазон, натрий хлориді, амбро сияқты көптеген дәрі-дәрмегін енгізіп, сауығып шығуына көмектесіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы