429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтоғайлықтар оттегі концентраттары мен дәрі-дәрмекке 2,5 млн теңге жинады

  • 256
  • UPD: 16:58, 23.07.2020
Ақтоғайлықтар оттегі концентраттары мен дәрі-дәрмекке 2,5 млн теңге жинады gov.kz

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының тұрғындары екі сағат ішінде 2,5 миллион теңге жинады.

Бұл қаражат оттегі концентраторын, пульсоксиметрлерді және дәрі-дәрмектерді сатып алуға жұмсалады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Оларға Жаңаарқа және Қарқаралы аудандарының тумалары мысал болды.

Қаражат жинау туралы хабар таратылған соң тек алғашқы 20 минут ішінде ақтоғайлықтар оттегі концентраторын сатып алуға 200 мың теңге аударды. Ал келесі екі сағатта 2,5 миллион теңге жиналған.

Сондай-ақ Ақтоғай ауданының орталық ауруханасы мен медициналық орталығы үшін еріктілер мен кәсіпорындардың, фермерлік шаруашылықтардың және жеке тұлғалардың қолдауымен 20 термометр, 37 оттегі концентраторы, 52 пульсоксиметр және 15 Бобров құралы тапсырыс берілді.

 

Хабар 24 телеарнасы