427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақбөкен сойған жезқазғандық ұсталды

  • 303
  • UPD: 16:21, 23.07.2020
Ақбөкен сойған жезқазғандық ұсталды

Қарағанды облысында ақбөкен сойған ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

22 шілде күні шамамен 21:30-да жедел іздестіру шарасы барысында Ұлытау полиция бөлімінің қызметкерлері аудан жанындағы бір қыстақтан ақбөкеннің терісін тауып, кінәлі ретінде 28 жастағы Жезқазған тұрғынын ұстады.

Полиция қызметкерлері ақбөкенді сойған ер адамнан «Reiser» маркалы мотоцикл мен екі пышақ тәркіледі.

ҚР ҚК 339-бабының 2-тармағы «Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы