431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Волонтерлер дәрігерлерге қорғаныс костюмдерін, маскалар мен ауыз су жеткізді

  • 287
  • UPD: 17:27, 23.07.2020
Волонтерлер дәрігерлерге қорғаныс костюмдерін, маскалар мен ауыз су жеткізді

Волонтерлер №8 қалалық емхана мен Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық жол ауруханасының, сондай-ақ Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының дәрігерлеріне қорғаныс костюмдері мен маскалар, ауыз су жеткізді.

Осылайша, белсенділер «Дәрігерлерге тағзым» акциясын қолдады.

«Дәрігерлер коронавирусты жұқтырғандардың өмірі үшін бес ай бойы күресуде. Бұл күндері олар физикалық және моральдық жағынан үлкен жүктемені сезінуде. Акцияға қатыса отырып, біз дәрігерлерге жағдай жасап, осы қиын кезде қолдау көрсеткіміз келді», - деп атап өтті әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығының HR-маманы Айгүл Смаилова.

Естеріңізге сала кетейік, 15 шілде күні Қазақстанда «Дәрігерлерге тағзым» акциясы басталды.

Ақпарат көзі: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті

Хабар 24 телеарнасы