429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да құрылған медициналық мобильді топтар тиімділігін көрсетті

  • 254
ШҚО-да құрылған медициналық мобильді топтар тиімділігін көрсетті

Шілденің 14-інде құрылған медициналық мобильді топ тиімді екенін көрсетті, хабарлайды «Хабар 24».

Құрамында 4 медицина қызметкері бар бригада науқасқа алғашқы көмек көрсетеді. Сырқаттанған жанның температурасын өлшеп, жағдайы жақсы болса, алғашқы ем-домды тағайындап, тізімге алады. Сонымен қатар медициналық кеңес береді. Бүгінде дәл осындай мобильді топ еліміздің әр өңірінде бар. Шығыста 373 бригада жұмыс істеп жүр. Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығына қарасты емханадағы екі топ 150-ден аса шақыруға барған. Нәтижесінде жедел жәрдем мен емханалардың жүктемесі анағұрлым азайды.

Гүлнар Келгенбаева, облыстық ана мен бала орталығының амбулаториялық емхана меңгерушісі:

- Күніне 40 шақыртуға дейін түседі. Және де жедел жәрдеммен келетұғын шақыруға барады. Өйткені стационарға шыққан науқастарды актив жасап барады. Темпратурасымен және COVID-19 белгілер бар науқастар, кез келген науқас осы уақыттарда звандап шақырады үйлеріне.

Хабар 24 телеарнасы