432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында 300 мұқтаж отбасыға дәрі-дәрмек жіберілді

  • 259
  • UPD: 18:28, 23.07.2020

Түркістан облысында 300 мұқтаж отбасыға «Шипа» жобасы бойынша дәрі-дәрмек қобдишасы тегін таратылды, хабарлайды «Хабар 24».

«Nur Otan»партиясының Түркістан облыстық филиалы пандемияға қарсы күресті күшейту мақсатында «Өмір» және «Шипа» жобаларын қолға алған. Осы арқылы өңірдегі ауруханаларға жасанды тыныс алу аппараттарын және мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмек жеткізу көзделген. «Алдағы уақытта бұл игі бастама жалғасын табады», - дейді шараны ұйымдастырушылар.

Жансерік Жұман, облыстық «JAS Otan» жастар қанатының төрағасы:

- Бұл дәрі-дәрмек қорапшасында бірінші иммунитет көтеретін, екінші ыстықты түсіретін және аурумен күресетін дәрілердің барлығы жасақталған. Осы дәрі-дәрмек қорапшасы Түркістан өңіріндегі тұрмыс жағдайы әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға, қазіргі таңда аурумен күресіп жатқан тұрғындарға табыс етілетін болады. Мұны Түркістан облысы жастары мен еріктілері жеткізіп беретін болады.

Алмас Салимов, облыстық мәслихатының депутаты:

- Түркістан облысы «Nur Otan» партиясы фракциясы жанынан құралған депутаттар және кәсіпкерлеріміз бұған қолдау көрсетуде. Әрине, бұл шараны ұйымдастырып отырған ол – ел жастары. Жас волонтерлер клубтар құрып, шалғай ауылдарға, елге жұмыс жасап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы