423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында аппарат басшысы қызметінен кетті

  • 609
  • UPD: 19:30, 23.07.2020
Қостанай облысында аппарат басшысы қызметінен кетті ИА Город

Қостанай облысының Рудный қаласына қарасты Қашар кенті әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Әзірге оған қандай айып тағылып отырғандығы беймәлім. Артынша Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы Азамат Ысқақов өз еркімен қызметінен кететінін жария етті. «Істі болған әкімнің тікелей басшысы болғандықтан, осындай шешім қабылдадым», – дейді ол.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент өкілдерінің айтуынша, қарамағанды қызметкердің жауапкершілікке тартылуымен лауазымды тұлғаның өз еркімен жылы орнын босатуы облыста алғаш рет тіркеліп отыр. 

Азамат Ысқақов, Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы:

– Егер менің қарамағымдағы қызметкердің үстінен сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатса, бұл жұмыста қалуға моральдық құқығым жоқ деп есептеймін. Оның үстіне мен Рудный қалалық әкімдігінің этика жөніндегі өкілімін. Сондықтан өзім үшін ауыр болса да, осындай қадамға барып отырмын.

Хабар 24 телеарнасы