425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту орталығы ашылды

  • 453
  • UPD: 21:36, 23.07.2020
Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту орталығы ашылды

Әлеуметтік жобаны дәрігер-реабилитолог Гаухар Темірғалиқызы қолға алған, хабарлайды «Хабар 24».

Мұндағы мамандар енді ақыл-есінің дамуында кемшілігі бар 2-16 жас аралығындағы балаларға психологиялық және педагогикалық көмек көрсететін болады. Карантинге байланысты мұнда сабақтар әзірге тек алдын ала жазылу арқылы жеке жүргізіледі. Негізінен қашықтан жұмыс істеп жатырмыз. «Ал, шектеу шаралары алынған соң топтық жаттығуларға мүмкіндік болады», дейді, олар. Орталықтың басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға барынша бейімдеп, олардың одан әрі балабақша немесе мектепке баруына жағдай жасау.

Гаухар Камелинова, реабилитолог:

- Дефектолог-логопед, педагог-тәрбиеші, психолог, әлеуметтік қызметкер және реабилитолог дәрігері бар біздің команда алға қойған мақсатты орындауға, сол арқылы балаларды қоғамдық ортаға бейімдеуге бар күшін салады. Барлық сабақтар тегін. Сондықтан сұранысы ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға құлаққағыс етеміз.

Баян Айтжанова, қала тұрғыны:

- Біз осындай орталықтың ашылғанына қуаныштымыз. Себебі, балаларға білікті маманның тәрбиесі міндетті түрде қажет. Мұндай әлеуметтік мекемелердің ақылы түрлері баршылық. Бірақ оған кейбір ата-аналардың шамасы келе бермейді. Сондықтан бұл орталықтың бәріне бірдей көмегі тиеді деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы