429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы Лепсі-Ақтоғай тас жолының сапасы тексерілді

  • 294
  • UPD: 23:19, 23.07.2020

Алматы облысының Лепсі-Ақтоғай бағытындағы тас жол салынып бітпей жатып бүліне бастады, хабарлайды «Хабар 24».

Жол сапасын тексере барған комиссия өкілдеріне сала мамандары осылай деп шағым айтты. Жауаптылар Сарқан ауданы Лепсі ауылының тұрғындары түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған жолды да көріп, асфальттан сынама алды.

Әлеуметтік желіде көпшіліктің талқылауына түскен жол осы.

Арнайы келген сараптама орталығының қызметкерлері ағымдағы жөндеуден өткен үш көшенің бірнеше жерінен сынама алды.

Ғалия Темірханқызы, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалы  директорының м.а.:

- Қалыңдығын айта кетсек, ағымдағы жөндеу жұмыстарына сәйкес келіп тұр. скл ені бес метр шығып тұр. талапқай сай келіп жатыр.

Тас жолдың сапасына сыни пікір білдіріп, бейнежазбаны түсірген Марат Хамитов екен. Ауыл тұрғыны жаңа салынған асфальттың бірнеше күннен кейін қататынын білмедім деп ақталды.

Марат Хамитов, ауыл тұрғыны:

- Суық асфальт болғаннан кейін борпылдақ екен және бассаң басылады. Мен оны көрдім де болашақта мына жолдан не қалады деп ойладым. Өзім түсірген видеоны жолдас жігітке көрсеттім, ол одан ары қарай қайда жібергенін білмеймін. Содан артынан бәрі шулап жүр. екен. Бірақ енді халық дүрлігіп жатқан жоқ. бәрі риза. Қазір қатып, өздері айтқан уақытқа келіп жатыр

Өңірде Лепсі-Ақтоғай аралығындағы жолдың 35 шақырымы жөнделіп жатыр. Соның 27 километріне асфальт төселген. 9 млрд теңге бөлінген тас жол пайдалануға берілмей жатып, бүліне бастаған. Өйткені Талдықорған-Өскемен автомагистралінің қайта салынуына байланысты ауыр жүк көліктері осы бағытпен жүретін болыпты.

Серік Самұратов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

- Оське жүктеме деген 8 тонна. 8 тоннадан аспау керек. Олар үлкен жүктемелер 30-40 тонналық. Оның жүктемесі бір осьқа 15-20 тонна болады. Бұл жерде транспорттық инспекция не ГАИ пост қойып, жауып тастап кіргізбеу керек.

Сала мамандары ауылішілік жолмен қатар Лепсі-Ақтоғай бағытындағы асфальттың да сапасын тексерді. Сараптама нәтижесінде қандай да бір кемшілік анықталса, қорытындысы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жіберіледі. 

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы