426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да малдың құтырма ауруының таралу қаупі жойылды – АШМ

  • 205
  • UPD: 09:26, 24.07.2020
ШҚО-да малдың құтырма ауруының таралу қаупі жойылды – АШМ

Шығыс Қазақстан облысы Багратион ауылдық округінің Привольное ауылында соңғы он күнде мал өлімі тіркелген жоқ, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында 22 және 23 шілдеде ШҚО-дағы құтырма ауруы туралы тараған хабарламаға түсініктеме берді.

«Привольное ауылында 11 бас ірі қара мал өлімі тіркелген. Оның төртеуінен зертханалық нәтижелер бойынша құтырма ауруының өлімге себеп болғандығы анықталды. Бір сынама теріс нәтиже көрсетті. Қалған алты жағдай бойынша қазіргі уақытта зертханалық зерттеулер жалғасуда: люминесцентті микроскопиядан теріс нәтижелер алынды, ақ тышқандардың биосынамасына бақылау жалғасуда (құтырма ауруын зерттеу 30 күнге созылады)», - делінген хабарламада.

Привольное ауылындағы барлық жануарға, соның ішінде ірі қара малға, жылқылар мен иттерге жедел егу, жеке аулаларда дезинфекциялық емдеу жүргізілді, жануарлардың өлексесі өртелді.

Нәтижесінде аймақта соңғы 10 күн ішінде ауырған мал өлімі тіркелмеген. Эпизоотикалық жағдай ветеринарлық қызметтің бақылауында.

Айта кету керек, құтырма ауруынан өлген мал иелеріне келтірілген залалдың шығыны өтеледі. Өтемақы алу үшін банктік шоттың нөмірі мен жеке куәлігін көрсету қажет. Ал мал иесі екенін растайтын және оның өлу себебін анықтайтын құжаттарды жергілікті ветеринария бөлімінің мамандары береді.

Хабар 24 телеарнасы