433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бас қаланың аудандарының бірінде апатты үйлердің орнына демалыс орны пайда болды

  • 415
  • UPD: 11:56, 24.07.2020
Бас қаланың аудандарының бірінде апатты үйлердің орнына демалыс орны пайда болды

Елордадағы Сарыарқа ауданында апатты үйлердің орнына демалыс орны пайда болды.

Жыл соңына дейін ауданда 14 қоғамдық кеңістік абаттандырылады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Сейфуллин көшесінде апатты деп танылып, сүрілген екі үйдің орнына жайлы демалыс орны пайда болды. Онда асфальт төселіп, балалардың ойын алаңдары, орындықтар орнатылып, жарықтандырылды. Маусымның басында басталған қоғамдық кеңістік құрылысы бірнеше күн бұрын аяқталды.

«Біз тұрғындармен жаңа демалыс орнында көргісі келетін нәрселер туралы алдын ала келісіп, қоғамдық пікірді тыңдап, талқыладық. Орнатылған жабдықтардың 90% жергілікті мазмұнға ие. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жұмысшылар тартылуда», – деді Сарыарқа ауданының абаттандыру және қоғамдық кеңістікті дамыту бөлімінің басшысы Азамат Машенов.

Қазіргі уақытта Сарыарқа ауданында екі жаңа қоғамдық орын пайда болды. Жыл соңына дейін тағы 12 орынды абаттандыру жоспарланған. Мұндай абаттандыру жұмыстары қаланың барлық ауданында жүргізілуде. Биыл Нұр-Сұлтанда 150 аула мен 50 қоғамдық орын, оның ішінде Алматы ауданында 33, Байқоңырда 70, Есілде 20, Сарыарқада 40 жерді абаттандыру жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы