431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда 4 миллион теңгеден астам ақша ұрлаған тұрғын ұсталды

  • 369
  • UPD: 12:57, 24.07.2020
Петропавлда 4 миллион теңгеден астам ақша ұрлаған тұрғын ұсталды

Петропавлда полицей төрт миллион теңгеден астам ақшаны ұрлаған ұрыны ізін суытпай ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

22 шілде күні сағат 10 шамасында «Корона» сауда үйінің маңында ұры Петропавл тұрғынының қолынан ақша салынған пакетті жұлып алып, үйлердің арасымен қаша жөнелген. Жәбірленуші әйелдің көмек сұраған даусын қалалық патрульдік полиция батальоны экипажының қызметкерлері естиді.

«Инспектор Асқар Татанов аулалардың бірінде жасырынбақ болған ұрының соңынан жүгірді. Қуғыншыны байқаған қаскөй қолындағы пакетін лақтыра салып, жасырынбақ болды. Алайда полиция қызметкері қуып жетіп, оны жедел тергеу тобына тапсырды», - делінген хабарламада.

Төрт миллион теңгеден астам ақша бар пакет бірден иесіне қайтарылды.

Тонау фактісі бойынша ҚР ҚК 191-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адамның бұрын бірнеше рет сотталғаны анықталды. Қазіргі уақытта Петропавлдың 34 жастағы тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Хабар 24 телеарнасы