423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Белгілі меценат бастаған демеушілер мұқтаждарға 42500 теңге көмек көрсетеді

  • 555
  • UPD: 14:07, 24.07.2020
Белгілі меценат бастаған демеушілер мұқтаждарға 42500 теңге көмек көрсетеді

Айтыс ақындары мұқтаж отбасыларға 42 500 теңгеден үлестіреді. Әзірге 10 отбасыға ақшалай көмек көрсетіледі. Бұл үшін арнайы қор құрылды.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай шапағаты» деген атпен ашылған қор бүгін алғашқы жұмысын бастады. Әр мұқтаж отбасына қатысты мәліметті мешіт имамдары берді. Тізім жасалып көмекке зәру деген 10 адамға ақшалай көмек беріледі. Бұл жолғы шараға демеушілік жасаған кәсіпкер, меценат Толқын Ақанұлы.

Ақындардың айтуынша, алдағы уақытта да бұл игі іс жалғасын табады.

Хабар 24 телеарнасы