427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында дәріханаларға 6 млн теңге айыппұл салынды

  • 210
  • UPD: 15:24, 24.07.2020
Алматы облысында дәріханаларға 6 млн теңге айыппұл салынды

Алматы облысындағы 30 дәріханада емдік препараттар бекітілген бағадан қымбатқа сатылған.

Әсіресе жұқпалы ауруларға қарсы, дене қызуын түсіретін және қанды сұйылтатын дәрілерге 30 теңгеден мың теңгеге дейін үстемақы қосылған. Фармацевтикалық өнім саудасымен айналысатындардың заңсыз әрекеті мониторингтік топтың кезекті тексерісі кезінде анықталды. Қиналғандар есебінен қосымша қаржы таппақ болғандарға 6 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Мамандар өзге де кемшіліктерге қатысты 115 хаттама толтырып тиісті мекемеге жіберді.  

Асхат Шарапиев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының м.а.:

- Біздің облыста 35-тен астам мониторингтік топ жұмыс істеп жатыр. Олар тексеруі бойынша 170-тен астам карантиндік талаптарды бұзу фактілері анықталған. Олардың барлығы 425-әкімшілік бап бойынша жауапкершілікке тартылған.

Хабар 24 телеарнасы