429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды

  • 236
  • UPD: 14:16, 24.07.2020
Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды

Бүгін Сыр еліне сапары аясында ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов облыстық жедел жәрдем станциясының жұмысымен танысты.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақтағы жедел жәрдем жұмысын мобильді қызметін іске асырудың нәтижесінде шақыртулардың төмендегенін жеткізді, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал күрделі кезде жедел жәрдем шақыртулары тәулігіне 2500-ден асып, жүктеме 2 есе артқан. Дегенмен қазіргі таңда ахуалдың тұрақталуына байланысты шақыртулар саны азайған.

2020 жылдың маусым айындағы шақыртулардың шарықтау шегімен салыстырғанда 52,7% азаюы байқалады. Ал соңғы 2 аптада жалпы шақырту саны 39 % төмендеді. Оның ішінде тыныс алу жолдарының аурулары 74% азайса, жедел респираторлық вирусты инфекция жағдайлары 82,5%, пневмония жағдайлары 60% төмендеген.

Пневмония жағдайларымен шақыру көп кезінде науқастардың 85 % стационарға жатқызылса, қазіргі таңда 45,3 % тасымалданып, жатқызу көрсеткіші 79,3% құрап отыр. Яғни ауыр түрдегі науқастардың азайғаны байқалады.

Вице-премьер жедел жәрдем стансасының оперативті іс-қимыл жұмысын және шақыртуларды қабылдайтын диспетчерлік бөлімдегі Сall орталықтың жұмыс процесін бақылады. Әрбір түскен қоңырауға жауапты әр диспетчер күніне 150 қоңырау қабылдап келген.

Бүгінде вирус індеті басылған кезде шұғыл қоңыраулар азайған. Шақырту көп кезде 1-3 санаттылық бойынша бір жедел жәрдем тобына 30-35 шақырту, қазір тәулігіне 16-18 шақырту, 4 санатты жедел жәрдем тобына 20-22 шақыртудан орындалуда.

Жедел жәрдем қызметінің науқастарға уақытылы жетуін іске асыруда жеңіл және орташа дәрежедегі науқастарға емханалар жанынан құрылған мобильді топтар көмек бөруде. Бүгінгі күні облыс бойынша 161 мобильді бригадалар жұмысын жүргізуде.

Хабар 24 телеарнасы