423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Е.Тоғжанов Қызылорда облысындағы көпбейінді аурухана жұмысымен танысты

  • 242
  • UPD: 15:40, 24.07.2020
Е.Тоғжанов Қызылорда облысындағы көпбейінді аурухана жұмысымен танысты

Қызылорда облысына сапары барысында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов көпбейінді облыстық аурухананың жұмысымен танысты.

Көпбейінді облыстық аурухана 1998 жылы пайдалануға берілген. Ауруханада жалпы 525 төсек-орын бар.

Емдеу мекемесінде барлығы 1335 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 200 дәрігер, 574 орта буын, 326 кіші медицина қызметкері және 235 басқа да маман бар.

Ауруханада 17 өкпені жасанды желдету аппараты, 300 оттегі баллоны, 6 оттегі концентраторы бар. Бір тәулікте 60 оттегі баллонын пайдалану қажет етіледі.

Науқастарға арналған 30 төсек-орындық инфекциялық стационар, 70 фильтр бөлмелері ұйымдастырылған. 70 фильтр бөлмелерінің ішінде 13 орын жансақтау бөліміне арналған. Бүгінгі күні стационарда 7, фильтр бөлмелерінде 38 адам емделуде.

Науқастарды емдеп жатқан медицина қызметкерлері үйлеріне қайтпай, облыстық ардагерлер үйінде оқшаулануда.

Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барғанын хабарлағанбыз.

Қызылорда облысына 200 оттегі концентраторы жеткізіледі.

Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК

Хабар 24 телеарнасы