421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадан шыға берістегі блок-бекеттерден тікелей қосылым

  • 220
  • UPD: 18:14, 24.07.2020

Елордадан шыға берісте бірнеше бекет қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларда қалалық полиция қызметкерлері демалыс аумақтарына бармау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Наргиз Бекмағанбетова, тілші:

– Біз қазір Көкшетау тас жолында тұрмыз. Мұнда да бекет қойылған. Соңғы күндері туристік аймақтарда адамдардың лық толы болуына байланысты блок-беккетер елордадан шығатын жерлерге қойылған болатын. Жаһандық індетпен күресті күшейту үшін осындай іс-шаралар өткізілуді. Ал бас қалада бүгінде 16 мониторинг мобильді тобы жұмыс істейді. Полиция қызметкерлері ойын-сауық орындарына, қоғамдық тамақтану нысандарына кіріп, карантиндік шаралар туралы ескертіп, тәртіп бұзушылық фактілерін анықтап жатыр. Соңғы екі күнде елордалық полиция қызметкерлері, волонтерлер арнайы мобильді топпен бірігіп, карантинді бұзудың 50 оқиғасын тіркеді. Оның ішінде 29 кәсіпкер маска кию және әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша міндетті талаптарды бұзған және 21 кәсіпкер тыйым салынған уақытта жұмыс істеген.

Хабар 24 телеарнасы