427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Педофилді ең ауыр жазаға тартуды талап етемін – Аружан Саин

  • 542
  • UPD: 19:33, 24.07.2020
Педофилді ең ауыр жазаға тартуды талап етемін – Аружан Саин

Сәтбаев қаласында болған келеңсіз жайтқа қатысты бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин да өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Омбудсмен фэйсбуктегі жеке парақшасында азғыннан зардап шеккен бүлдіршіннің ата-анасымен сөйлескенін жазды. Қазір оларға тиісті көмек көрсетіліп жатыр екен. Одан бөлек, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевпен тілдесіпті. Бұл істі сала басшысы жеке қадағалауына алған. Аружан Саин бес жасар баланы зорлаған әлгі күдіктіге ең ауыр жаза беруін талап етуде.

Аружан Саин, ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл:

– Біз Қарағанды облысының басшылығымен де байланыс орнаттық. Қазір олар әкімдік тарапынан зардап шеккен отбасына көмек көрсетіп жатыр. Тергеу кезінде мықты заңгер қажет болады. Одан бөлек, білікті психолог жалдауымыз керек. Өйткені тап қазір 5 жасар қызға да, оның ата-анасына да психологтың көмегі ауадай қажет. Біз бұл істі соңына дейін жеткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы