426,04 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Балаларыңызға абай болыңыздар!

  • 1019
  • UPD: 13:10, 25.07.2020

Балаларды арам пиғылды педофилден қорғау үшін не істемек керек?

Ата-аналарды мазалайтын бұл сауал бүгін ғана қойылып отырған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен істі болғандардың дерек қоры әлдеқашан құрылғанын бірі білсе, енді бірі білмейді. ҚР Бас прокуратурасының бұйрығымен 2015 жылы жасалған интерактивті картада кәмелеттік жасқа толмағандарға әлімжеттік көрсеткені үшін сотталған азаматтардың суреті, аты-жөні, тіркелген мекенжайы көрсетілген. Осылайша, ақпараттық сервистен қай өңірде қанша адамның істі болғанын, сондай-ақ түрмеден шыққан-шықпағанын білуге болады. Қазіргі таңда қылмыскерлер картасында 217 адамның дерегі ұсынылған. Олардың кейбірі жазасын өтеп жатса, кейбірі бостандыққа шығып үлгерген.

Хабар 24 телеарнасы