429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Е.Тоғжанов: Вирустың таралмауы халықтың санитарлық нормаларды сақтауына тікелей байланысты

  • 247
  • UPD: 21:45, 24.07.2020

Қызылорда облысында індетке қарсы шаралар жоспарында бекітілген 18 индикатордың 12-сі орындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алда әлі ауруханалардағы реанимациялық төсек-орындар мен ПТР анализдерін көбейту міндеті тұр. Сондай-ақ қолда бар жасанды өкпе желдеткіш аппараты мен оттегі концентраторы санын арттыру керек. Аймақтың эпидемиологиялық жағдайымен танысу үшін өңірге келген премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов межелі жұмыстар жүйелі әрі жедел орындалуы тиіс екендігін атап өтті. Облыс әкімдігінде өткен мәжілісте «СҚ-Фармация» басшысына медициналық мекемелерінің дәрі-дәрмекпен бір айлық қоры көлемінде қамтамасыз етілуі ерекше тапсырылды. Ералы Тоғжанов коронавирус індетінің одан әрі таралмауы және эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруы жергілікті халықтың санитарлық нормаларды сақтауына тікелей байланысты екендігін айтты. Осы ретте жергілікті билік түсіндірме-насихат жұмыстарына баса мән бергені жөн. Премьер-министрдің орынбасары сапар барысында облыстық жедел медициналық көмек стансасының жұмысымен танысты. Індет өршіген кезеңде тәулігіне 3 мыңға жуық шақырысқа барған жедел жәрдем бригадаларының шығуы қазір 2 есеге азайған. Ералы Тоғжанов сондай-ақ емдеу мекемелері мен бірнеше дәріханадағы дәрі-дәрмек қорын тексеріп, сала басшыларына емге шипа препараттардың қолжетімділігін арттыруды тапсырды.

Ералы Тоғжанов, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

– Бірінші, стационарлы емханаларды қамтамасыз ету керек. Екінші, дәріханаларды қамтамасыз ету керек. Сонда біз елді толықтай қамтамасыз ететін боламыз. Егер ол талаптарға сәйкес келмейтін дәріханалар болса, оны шығарып елдің алдында айту керек. Жасырып қалмау керек. Жасыратын болсаңыздар, ертең бәрібір шығады. Қаланың әкімі ретінде осыған тікелей жауап бересіз.

Хабар 24 телеарнасы