423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

СҚО-да медицина қызметкерлеріне жалпы 570 млн теңге үстемеақы төленген

  • 441
  • UPD: 19:34, 24.07.2020
СҚО-да медицина қызметкерлеріне жалпы 570 млн теңге үстемеақы төленген

Медицина қызметкерлеріне індетпен күрес жолындағы жанқиярлық еңбегі үшін мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында наурыз-маусым айлары аралығында қауіпті ошақтарда еңбек еткен 1491 медицина қызметкеріне қосымша үстемеақы төленді. Оның жалпы сомасы 570 миллион теңгеден асып отыр. Басын қатерге тігіп, ел амандығы үшін жұмыс істеген 212 маман қызмет барысында өздері коронавирус жұқтырып алған. Ал оның 139-ы емделіп шықты. Жалпы қазіргі таңда өңірде эпидемиологиялық жағдай күрделі. Бүгінгі күнге дейін 2 мың 540 адамның індетті жұқтырғандығы белгілі болды. 8 науқас көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы