425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенат депутаттығына 58 үміткер тіркелді

  • 458
  • UPD: 21:19, 24.07.2020

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттығына бүгін 58 үміткер тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, бір орынға орта есеппен 3 кандидат үмітті. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының бейнеконференция отырысы кезінде айтылды. Өңірлер арасында ең көп кандидаттар санын елорда мен Ақмола облысы ұсынған. Жалпы үміткерлердің орташа жасы – шамамен 51 жас. Тіркелгендердің ішінде 10-ы – әйел. Олардың үлесі – 17,2 процент. Нәзік жандардың саяси белсенділік көрсеткіші алдыңғы сайлау науқанымен салыстырғанда 2 есе өскені байқалады. Үміткерлердің қатарында мамандықтары бойынша 19 инженер, 13 экономист, 8 педагог, 7 аграрлық сала қызметкері, 5 дәрігер, 3 заңгер, 1 саясаттанушы және журналистер бар. Кандидаттардың арасында қазіргі уақытта қызмет атқарып отырған 4 сенатор да алдағы сайлаудан үмітті.

Берік Имашев, ҚР орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Кешегі күнгі сағат 18:00-ден бастап, тіркелген кандидаттар сайлау алдындағы үгіт жұмыстарына кірісуге құқылы. Үгіт жұмыстары ағымдағы жылдың 1 тамызы 00.00-ге дейін жалғасады. Комиссия аппаратына ағымдағы жылдың 24 шілдедегі жағдай бойынша ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы, жалпы ақпарат дайындауды және «ОртСайлауКом» интернет ресурсына орналастыруды тапсырамын.

Хабар 24 телеарнасы