421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысындағы оқиғаның шиеленісуіне жол берілген жоқ – Өмірзақ Шөкеев

  • 306
  • UPD: 21:51, 24.07.2020
Түркістан облысындағы оқиғаның шиеленісуіне жол берілген жоқ – Өмірзақ Шөкеев

Топтық төбелес болған Түркістан облысының Шорнақ ауылындағы жағдай қазір тұрақты және бақылауда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін аталған елді мекенде өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев болды. Ол тұрмыстық жанжалдың жаппай қақтығысқа ұласуына жол бермеген шұғыл штаб мүшелеріне алғыс білдірді. Облыс әкімі сондай-ақ жергілікті тұрғындармен де кездесті. Естеріңізге салайық, бір күн бұрын Шорнақта ауылдастар арасында төбелес болған еді. Соның салдарынан 4 адам зардап шекті. Оның бірі полиция қызметкері, қалған үшеуі жергілікті тұрғындар. Керісіп қалғандарға басу айтып, тоқтатпақ болған учаскелік инспекторға белгісіз біреулер тас лақтырған. Алған жарақатына қарамастан, тәртіп сақшысы жаппай төбелеске жол берген жоқ. Зардап шеккендердің барлығына медициналық көмек көрсетілді. Осы оқиға бойынша қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Төрт адам ұсталып, оның екеуі қамауға алынды. Олардың барлығы – екі жақтан қақтығысқа қатысқандар.

Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімі:

– Жағдай басынан бақылауда болды. Менің ойымша, жасалған іс-әрекеттердің бәрі дұрыс. Жақсы жұмыс істедіңіздер. Мен жаңа ғана Президентпен сөйлестім, Мемлекет басшысы да оң бағасын берді. Оқиғаның шиеленісуіне жол берілген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы