420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда көше тазалығы қалпына келді

  • 275
Оралда көше тазалығы қалпына келді

Жер-жаһанды жайлаған пандемия Орал қаласының тазалығына да кесірін тигізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрмыстық қатты қалдықтарды шаһардан шығарумен айналысатын «Орал таза сервис» компаниясының 20 шақты қызметкері өткен айдың аяғында коронавируспен сырқаттанып қалған болатын. Салдарынан 24 арнайы коммуналдық көліктің алтауы ауысымға шықпай, қалдықтарды жинау кестесіне өзгеріс енгізіліпті. Облыс орталығында 700-ге жуық көң-қоқыс алаңшасында 3 мыңдай контейнер болса, күнделікті тазалық жұмыстарымен 150-дей қызметкер айналысады. Қазір жағдай қайтадан қалпына келген.

Жандос Дүйсенғалиев, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

– Ұжымда 20 шақты азамат жұмыстан тыс қалған болатын. Сол себепті қатты тұрмыстық қалдықтар жинайтын көліктер саны азайып кетті. Қаламыздың кейбір көшелеріндегі қоқыс алаңдары кешіктіріліп тазартылды. Бірақ қазіргі таңда қызметкерлердің көпшілігі жазылды. Бірақ 5-6 қызметкер әлі үйлерінде емделуде.

Хабар 24 телеарнасы