426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда бұдан былай қоғамдық орындардың тазалығы тексерілетін болады

  • 186
  • UPD: 11:15, 25.07.2020
Ақтауда бұдан былай қоғамдық орындардың тазалығы тексерілетін болады

Ақтауда бұдан былай қоғамдық орындардың тазалығы демалыс күндері тұрақты тексеріліп тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, қала халқы мен туристер жиі баратын жағажайлар айрықша назарда ұсталады. Отырған орнын ластап, шашып кететін жүгенсіздерді жөнге салу үшін рейдтік шаралар басталды. Оның аясында тұрғындарға жадынама таратылып, қоршаған ортаны аялаудың ортақ міндет екені айтылып жатыр. Тәртіпке бағынбаса, полиция әкімшілік жауапқа тартады. Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес күзге дейін табиғи демалыс орындарда күл-қоқыс тастаған адамға салынатын айыппұлдың көлемі өседі. Қазір бұл іспен еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі шұғылданып жатыр.

Әділбек Қозыбақов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің маңғыстау өңіріндегі амбассадоры:

-Кез келген қоқыс, әсіресе, пластик қоқыстар жағасында тасталған соң ертелі-кеш теңізге түседі. Және олар балықтарға, итбалықтарға жалпы теңіздің биологиялық алуантүрлігін әлсіретуге зиянын тигізеді. Өкінішке қарай, бізде үгіт-насихат жұмыстары әлсіз жүріп жатыр. Теңіз жағасында демалып отырып балалардың көзінше қоқыс тастап кететін жағдайларға куә болып жүрміз. Ондай азаматтарға сол кезде түсіндіреміз, айтамыз. Бірақ ол жеткіліксіз.

Есенқос Әділбаев, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

-Осы жұмадан бастап бей-берекет жатқан рұқсатсыз төгілген қоқыстарды қарау, тексеру, оларды анықтау секілді тапсырмалар бар. Бүгін сол тапсырма негізінде Каспий теңізінің жағалауына шықтық. Рейдтік шара жаз айының соңына дейін жүретін болады. Яғни, қоқыс тастағандар болса, олар жауапкершілікке тартылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы