429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бурабай карантинге жабылды

  • 374
  • UPD: 13:52, 25.07.2020

Туристік аймақтың кіреберісіне блок-бекеттер орнатылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көл жағасын патрульдік полиция қызметкерлері бақылап жүр. Ал, Бурабайға карантинге дейін келген азаматтар үшін арнайы хабарландырулар ілінген. Бірақ шектеу шаралары демалушылардың көңілінен шықпаған сыңайлы.

Жазда отыратын орын болмайтын су жағасында қазір шағалалардан басқа тірі жан жоқ. Айналаның барлығы ала жіппен қоршалған. Шомылуға тыйым салынғандықтан, жергілікті тұрғындар велосипед теуіп, серуендеуді ермек қылып жүр. Карантиннен кейін өзгерген тағы бір көрініс, көл жиегі қоқыстан тазарған. Жағалауға темір жәшіктер де қойылыпты

Хабар 24 телеарнасы