425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайлық кәсіпорындар ауруханаларға 40 млн теңгенің құрылғыларын тапсырды

  • 291
  • UPD: 11:48, 25.07.2020
Қостанайлық кәсіпорындар ауруханаларға 40 млн теңгенің құрылғыларын тапсырды

Қостанай облысындағы кен өндіруші алпауыт компаниялар жергілікті медицина мекемелеріне 40 млн теңгенің құрылғыларын тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл 150 пульсометр, 60 оттегі концентраты, 90 оттегі аппараты және тұрмыстық техникалар. Сонымен қатар Жітіқара және Бейімбет Майлин аудандарының ауруханаларына инфрақызыл термометрлер, бетперделер, респираторлар, қорғаныш костюмдері, кереуеттер мен тағы да басқа қажетті бұйымдар жеткізілді. Кәсіпорындар наурыз айынан бастап індетпен күреске қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Бизнес өкілдері медицина саласының мұқтажын өтеуді мұнан әрі де жалғастыра бермек.

Александр Сачко, облыстық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы:

- Енді науқастарды осы оттегі концентратына қосамыз. Бұл біріншіден, өте ыңғайлы. Екіншіден, үнемді. Үшіншіден, адамның ауыр патологияны жеңіл өткеруіне мүмкіндік береді. Сондықтан бұл науқастар үшін де, медицина қызметкерлері үшін де тиімділігі зор үлкен көмек.

Хабар 24 телеарнасы