423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараздық кәсіпкерлер індет жұқтырған науқастар мен дәрігерлерді тегін тамақтандырды

  • 271
  • UPD: 13:51, 25.07.2020
Тараздық кәсіпкерлер індет жұқтырған науқастар мен дәрігерлерді тегін тамақтандырды

Тараздық кәсіпкерлер ауруханадағы індет жұқтырған науқастар мен дәрігерлерді тегін тамақтандырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайырымды іске қаладағы үш сауда орны мен базар иесі ұйытқы болған. Олар 300 адамға күріш, сорпа сияқты түскі ас дайындап, 150 литр суды ауруханаға жеткізіп берді. Осылайша, кәсіпкерлер сала мамандарына деген құрметі мен қоғамдағы жағдайға бей-жай қарамайтынын білдірді. Ұйымдастырушылар «бұндай бір реттік шара көпшілікке ой салып, жұқпалы аурумен бәріміз бірлесе күрессек қана нәтиже шығады», дейді.

Руслан Мырсапарұлы, кәсіпкер:

- Бүкіл әлемде болып жатқан індет тарап жатқанына бізде көмегімізді берсек пе деген ойымыз болды. Соны бүгін ұйымдастырдық. Басқаларды да осындай іс-шара ұйымдастыруға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы