425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорған ауруханаларына 38 оттегі концентраты тарту етілді

  • 348
  • UPD: 16:41, 25.07.2020

Талдықорғанға көпшіліктің ақшасына алынған 38 оттегі концентраты әкелінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоймаға жиналған медициналық құрылғылар бүгін кәсіпкерлердің көмегімен емдеу мекемелеріне үлестірілді. Құрылғылар Қаратал, Көксу, Ескелді аудандары мен қаладағы он ауруханаға жеткізілді. Оттегі аппараты «Шұғыла» қорына жолданған сұранысқа сай беріліп отыр. Бизнес қауымдастығы өкілдерінің үндеуінен кейін ел-жұрттан 10 млн теңгеге жуық қаражат жиналған-ды. Оған 79 құрылғы алу жоспарланып, бүгінгі күнге дейін соның 43 провизорлық және инфекциялық бөлімдерге берілді. Қалғаны алдағы уақытта ауруханаларға таратылады.

Жұмахан Молдақұлов, қалалық көп салалы аурухананың директоры:

- Беріліп жатқан мұндай аппараттар негізінде күнде бір адамды орнына келтіріп, өмірін сақтап қалуға болады. Неге десеңіз, күнделікті егер уақытылы оттегі алған науқас тезірек орнына келеді. Тезірек жазылады. Сондықтан бұл аппарат жүріп жатқан аурудың негізгі емі болып саналады.

Дәурен Тәліпов, кәсіпкер:

- «Шұғыла» фонды әр концентраторға өз штирх-кодын салды. Және өздерінің базасына кіргізді. Ол жаңағы әр концентратордың қай ауруханада тұрғанын бақылап отырады. Сондықтан концентраторлар былай кетіп қалмайды, жеке адамның қолына түсіп кетпейді.Тек қана ауруханада еліміз үшін, халқымыз үшін пайдалануда қалады.

Хабар 24 телеарнасы