426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы блок-бекеттен өткен көлік иесі анықталды

  • 220
  • UPD: 15:39, 25.07.2020
Ақмола облысындағы блок-бекеттен өткен көлік иесі анықталды

Ақмола облысының жауапты органдары блок-бекетте түсірілген бейнетаспадағы жанның кім екенін анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін әлеуметтік желіде джип көлігінің жүргізушісі әлдекімге қоңырау шалып, блок-бекеттен өтіп кеткені жайлы жазба тараған еді. Полиция департаменті көлік тізгіндеген жанның триатлоннан Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Соловьев екенін мәлімдеді. Ол бір апта бойы Бурабай курорттық аймағында республикалық команданы жаттықтырып жүрген. Полицейлер тоқтатқан сәтте Соловьевтің қызметтік куәлігі болмаған. Тәртіп сақшылары оның шын мәнінде жаттықтырушы екенін нақтылау үшін телефонмен сөйлесуге рұқсат берген. Қазір курорттық аймаққа кіруге тыйым салынып, арнайы блок-бекеттер қойылған. Бірақ Департаменттің баспасөз қызметі жаттығуларды өткізуге ресми рұқсат бар екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы