423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізіледі

  • 268
  • UPD: 15:43, 25.07.2020
Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізіледі

Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады. Ұсыныс ведомствоаралық зоологиялық комиссияның отырысында айтылып мамандар тарапынан қолдау тауыпты. Арнайы тізімге алу итбалықтарды ерекше қорғауға ықпал етеді. Қазіргі уақытта итбалық басқа Каспий маңы мемлекеттерінің Қызыл кітабына енгізілген.

Хабар 24 телеарнасы