430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әскери-әуе күштерінің жас ұшқыштары парашюттік даярлықтан өтіп жатыр

  • 340
  • UPD: 15:47, 25.07.2020
Әскери-әуе күштерінің жас ұшқыштары парашюттік даярлықтан өтіп жатыр

Бұл жолы жауынгерлер 600-800 метр биіктен секіру жаттығуын орындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәжрибелік сабақтар жылына екі рет ұйымдастырылады. Әр жауынгерде салмағы 19 келі парашют пен бес келі қосалқы сөмке бар. Әуе көлігін тізгіндейтін әр пилот осындай сынақтан өтеді. Ұшақ істен шыққан жағдайда олар жедел шешім қабылдап, парашютін қолдана білуі керек.

Ержан Абдыбеков, ҚР ҚК ӘҚК аға офицері:

- Парашютпен секіруді іздестіру-құтқару және парашют-десанттық қызмет мамандары да жасады. Бұл ретте, егер ұшқыштарға жай ғана секіріп, аман-есен қонса, онда құтқарушыларға шектеулі алаңға секіру қажет. Осындай жаттығулар олардың қайғылы жағдай орнында барынша жылдам болуына көмектеседі. Жаттығулар әскери медицина мамандарының, қамтамасыз ету бөлімшелерінің, сондай-ақ метеорологиялық қызмет мамандарының қатысуымен жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы