426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында екі күндік қатаң карантин енгізілді

  • 556
  • UPD: 17:18, 25.07.2020
Алматы облысында екі күндік қатаң карантин енгізілді

Алматы облысында екі күндік қатаң шектеу шаралары енгізілді. Өңірдегі туристік нысандар жабылды. 

Базарлар мен сауда орындары, кәсіпорындар да өз қызметін тоқтатты. Тек азық-түлік сататын дүкендер мен дәріханалар жұмыс істейді. Карантин талаптарының сақталуын аудан, қалаларда  құрылған мониторингтік топ бақылайды. Мәселен, Көксу ауданында бірнеше сала мамандарынан жасақталған 12 жұмыс тобы бар. Олар күніне екі уақыт рейд жүргізеді.  

Мәншүк Ажиева, Көксу аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасының басшысы:

- Осы карантин жарияланғанан бастап 700-ге жуық рейдтік шара болды. Басында түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, одан кейін ескерту бердік. Содан кейін осы аптадан бастап әкімшілік шара қолдануды бастадық. Бүгінгі күнге екі айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы