427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Демалыс аймақтарына кімдер кіре алады және олар қандай талаптарды орындау қажет?

  • 524
  • UPD: 10:48, 26.07.2020

Ақмола облысындағы курорттық аймақтарға кіруге шектеу қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бурабай және де Зеренді аудандарында 10-ға жуық блок-бекет қойылып, полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқаруға кірісті. Бұл шара шамамен тамыздың 2-не дейін жалғасады. Сонымен демалыс аймақтарына кімдер кіре алады және ол үшін қандай талаптарды орындау қажет?

Риат Шони, тілші:

– Әдемі көрініс, иә? Әдетте Бурабайға демалуға келетін барлық турист мына қайықтарға отырып, анау Жұмбақтасқа дейін баратын. Енді қазір карантин шаралары күшейтілді. Сәйкесінше, мұнда демалып жатқан адамдардың да саны аз. Мына қайықтар да бос тұр. Мұнда келген барлық туристер санаторийларда демалу үстінде.

Бүгін таза ауада сейіл құратындар үшін толассыз жауған жаңбыр да кедергі болды. Бірақ көрікті жерлерді тамашалап жүрген туристер болса, ауа райының қолайсыздығы керісінше адамдардың көп шоғырланауына тосқауыл болуда дейді.

БЛИЦ:

– Ауа райы еш кедергі емес. Әсем табиғатты тамашалап, таза ауамен демалып жүрміз. Ол өкпеге пайдалы ғой.

– Мұнда екі күн бұрын келдік. Адам аз. Бұрынғыдай емес. Көлдің жағасында патрульдік полиция жүреді. Суға шомылуға болмайды.

Жұртшылықтың курорттық аймаққа емін-еркін кіруін шектеу үшін Бурабайда блок бекеттер орнатылған. Бұнда полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқарып, санаторий немесе қонақ үйлерде бронь жасағандарды ғана өткізіп жатыр. Ал тиісті орындарды алдын ала алмаған туристер болса, үйлеріне қайтулары қажет. Талап осындай.

Аслан Қызбикенов, Ақмола облысы ПД ӘПБ бастығы:

– Бурабай және Зеренді аудандарының курорттық аймақтары қазір жабық. Ол маңда блок бекеттер орнатылып, тәртіпті қадағалау үшін 80-ге жуық полицей жұмылдырылды. Дегенмен шектеулерге қарамастан бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысын бұзатын тұрғындарда баршылық. 3 күннің ішінде осындай 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кету керек, карантин тәртібін бұзған адамдарға 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Ал курорттық аймақтардаға блок бекеттер тамыздың 2-не дейін жұмыс істейтін болады.

Авторлары: Риат Шони, Ержан Рахманбердиев

Хабар 24 телеарнасы