426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Сарайшық көшесі 2 тамызға дейін жабылады

  • 248
  • UPD: 18:36, 26.07.2020
Елордада Сарайшық көшесі 2 тамызға дейін жабылады astana.gov.kz

Көлік жүргізушілері кептеліске түспеуі үшін жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, Сарайшық көшесі бойындағы Қарасақал Ерімбет көшесінен Жиембет жырау көшесіне дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Осыған байланысты 26 шілде мен 2 тамыз аралығында осы учаскедегі жол қозғалысы тоқтатылады.

Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары жолда кептеліс болмас үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлағаны жөн.

«Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз» делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы