420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте биыл 9 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталады

  • 243
  • UPD: 22:07, 26.07.2020
Шымкентте биыл 9 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталады

Шымкентте карантиндік шектеулер болғанмен, әлеуметтік нысандардың құрылысы тоқтаған жоқ, хабарлайды «Хабар 24».

Шаһардағы 13 мектептің құрылысына қазынадан 8 миллиард 400 млн теңге бөлінген. Биылдыққа 9 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталады. Олардың қатарында 1200 және 300 оқушыға лайықталған 8 жалпы білім ордасы мен бір өнер мектебі бар. Бұл нысандардың қабырғасы қаланып, шатыры жабылған. Алды жиһаздармен жабдықталып жатыр. Ал қалған 4 әлеуметтік нысанның құрылысы келер жылы аяқталады.

Қанат Қайыпбек, қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

- Құрылыстың қарқыны қалыпты деп айтуға болады. Кішкене карантин болғалы жұмыстар сәл баяулағаны рас. Бірақ соған қарамастан, мердігерлер тарапынан өндірістік кестеге сәйкес жұмыстар жүруде.

Хабар 24 телеарнасы