424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында шомылу маусымы басталғалы бері 16 адам суға кеткен

  • 240
  • UPD: 23:48, 26.07.2020
Түркістан облысында шомылу маусымы басталғалы бері 16 адам суға кеткен otyrar.kz

Түркістан облысында шомылу маусымы басталғалы 16 адам суға кеткен, оның ішінде 3 жасөспірім бар, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Түркістан облысы Отырар ауданында Көксарай ауылынан 4 шақырымда орналасқан Сырдария өзенінде екі күнге жалғасқан іздестіру жұмыстардың нәтижесінде құтқарушы-сүңгуірлер 25 шілдеде 2004 ж.т. жасөспірімнің денесін судан шығарып, туыстарына табыстады.

Сол күні 25 шіледеде сағат 19.20-да құтқарушылар Төлеби ауданында да суда іздестіру жұмыстарын жүргізді. Қасқасу елді мекені «Сайрам-Өгем» табиғи ұлттық саябағының аумағынан өтетін Сайрамсу өзеніне батып кеткен Қырғызстан Республикасының азаматшасын іздестірді. Нәтижесінде кешкі сағат 21:12-де құтқарушылар әйел адамның денесін судан алып шықты.

Осыған байланысты ТЖК балаларды қараусыз қалдырмауды және тыйым салынған орындарда шомылмауды, суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы