420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында шөп шабу науқаны қызды

  • 215
  • UPD: 10:30, 27.07.2020

Ақмола облысының шаруалары күннің қолайлы сәтін пайдаланып, мал азығын жинап жатыр. Аймақтағы малшыларға биыл 1 млн 165 мың тонна шөп қажет. Ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, қазір оның 90 процентке жуығы әзірленген.

Жақсы ауданының Беловод ауылындағы бұл шаруашылық 50-ге жуық асыл тұқымды ірі қара бағады. Сиырлар сүтті көп беру үшін олардың жем-шөбі де молынан болуы тиіс. Сондықтан бұл қожалыққа былтыр әкімдік тарапынан 800 гектардан астам шабындық жер беріліпті. Қазір мұнда шөп жинау жұмысы қызу жүріп жатыр. 

Сергей Шегаев, механизатор:

- Биыл жаңбыр жауғаны жақсы болды. Шөп жақсы көтерілді. Бірақ қазір күн қайтадан ысыды. Сондықтан, шөп те қурап барады. Сол үшін тезірек жинап алуға тырысып жатырмыз. 

Шаруашылықтың қарамағында Сергей секілді жергілікті 5-6 адам еңбек етеді. Тиісті техникаcы да бар. Олардың көбі жаңа. Енді тек ауа райының қолайлы кезін пайдаланып, мал азығын толық жинап алу керек болып тұр. 

Вадим Витт, шаруа қожалығының жетекшісі:

- Бірінші тамыздан бастап жем дайындауға кірісеміз. Бидай мен арпа да өзіміздің егіннен алынады. 1 мың гектардан астам жеріміз бар. Сондықтан ауа райының биыл құрғақ болуына қарамастан олжалымыз. 

Дәл осындай жұмыстар қазір облыстың барлық аудандарында жүргізіліп жатыр. Сала мамандарының айтуынша, мал азығын жинауға 4 жарым мың техника мен 850 бригада атсалысуда. Жалпы биыл жаздың басында аймақты біраз құрғақшылық қыспаққа алып, шаруалар жем-шөпсіз қаламыз ба деп қорыққан еді. Алайда шілдеде жауын жауып, жағдай біршама тұрақталды.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный

Хабар 24 телеарнасы